Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионы үшін сайыстың шешуші партиясына қатысты
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен матчтың 14-ші шешуші партиясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Палата Спикері мектеп оқушылары арасындағы шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы Аланна Берікқызымен бірге партиядағы алғашқы жүрісті жасады.
Айта кетейік, бұл күндері Қазақстан астанасында Халықаралық шахмат федерациясының айтулы шарасы өтіп жатыр. Матчтың қорытындысы бойынша әлем чемпионы анықталады.
Астанада қытайлық шахматшы Дин Лижэнь мен ресейлік Ян Непомнящий осы атақ үшін сайысқа түсіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскердегі қазақтілді кәріс баласы
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы