Мәулен Әшімбаев Сенаттың 2021 жылғы жұмысын қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның 2021 жылғы жұмысын қорытындылады.
Бүгін Сенаттың биылғы қорытынды отырысын өткіздік. 2021 жыл еліміз үшін ерекше жыл болды. Қастерлі Тәуелсіздгіміздің 30 жылдығын атап өттік. Осы жылдар ішінде Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында тәуелсіз біртұтас мемлекет ретінде толық қалыптасты. Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді жаңа белестерге шығаруға бағытталған жаңғыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылып жатыр, - деді Сенат спикері.
Ол 2021 жыл маңызды оқиғаларға толы болғанын атап өтті.
Парламент Үкіметпен бірлесіп Президент Жолдауы мен тапсырмаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіп келеді. Соның нәтижесінде биыл Парламент 104 заң қабылдады. Қабылданған заңдар еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын көздейді. Президент тапсырмасымен жер қатынастары мәселелерін, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесін реттеуге, өлім жазасынан бас тартуға, құқық қорғау органдарын реформалауға, елдегі бизнес ортаны жақсартуға, отандық өнеркәсіпті жетілдіруге арналған заңдар және тағы басқа нормалар бар, - деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар спикер еліміздің саяси жүйесінде де оң өзгерістер болғанына тоқталды.
Алғаш рет тікелей халықтың дауыс беруімен ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Қабылданған заңдардың ішінде мемлекеттік басқару жйүесін реформалауға бағытталған, сондай-ақ жергілікті маңызы бар міндеттерді тиімді түрде шешу үшін ауылдық, аудандық және қалалық деңгейдегі билікке жаңа мүмкіндік беретін заңдар да бар. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға ар-ождан бостандығын қамтамасыз етуге және діни іс-шаралар өткізу тәртібін жеңілдетуге арналған маңызды өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатымен өлім жазасын жою мәселесі бойынша заң қабылданды, - деп түсіндірді Сенат төрағасы.
Ол биыл құқық қорғау және сот жүйелерін одан әрі реформалау жұмысы да жалғасын тапты. Үшбуында модельдің енгізілуіне байланысты құқық қорғау жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Олар тиісті заңдармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ отандық қаржы жүйесін жетілдіруге, қылмыстық кірістерді азайтуға арналған заңдар қабылданды.
Ұлттық қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруда банктердің, қаржы ұйымдарының қызметін қадағалауды күшейтуді көздейтін нормалар да бекітілді. Қаржы жүйесіндегі ең маңызды заңдардың бірі – «Республикалық бюджет туралы» заң.
Ол депутаттардың заң шығаруға бастамашылығын ерекше атап өтті.
Жыл өткен сайын бұл жұмыстың саны да, сапасы да артып келеді. Биыл қабылданған әр төртінші заңға Парламент депутаттары бастамашы болды. Олардың қатарында еліміздің сот жүйесін одан әрі реформалауға, азаматтық процесті жеңілдетуге, татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтуге, жеке тұлғаның жалғыз баспанасын кепіл ретінде қабылдауға шектеу қоюға және басқа да мәселелерді реттеуге бағытталған маңызды заңдар бар. Президенттің тапсырмасы бойынша депутаттардың бастамашы болуымен әзірленген заңдардың қатарында «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» туралы заң да бар, - деп айтты Әшімбаев.
Ол атағандай, биыл біз заң шығарумен қатар парламенттік қызметіміздің өзге де бағыттары бойынша мазмұнды әрі нәтижелі жұмыс істедік. Сенаторлар маңызды тақырыптар бойынша мемлекеттік органдарға 100-ге жуық депутаттық сауал жолдады. Сенат қабырғасында қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерге арналған 80-нен астам іс-шара өткізілді.