Мәулен Әшімбаев: Пасханың игі дәстүрлері адамдарды жақсы істерге баулиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенаты төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады.

Барша православтық қазақстандықты Пасха мерекесімен құттықтаймын! Христиандар үшін бұл күн әрқашан басты діни мерекелердің бірі болған және болып қала береді. Пасха сенушілердің жүрегіне қуаныш пен үміт әкеледі, - деді Сенат спикері.

Оның сөзінше, бұл мерекенің игі дәстүрлері адамдарды жақсы істерге, ұмтылыстарға баулиды, қоғамда жақынға қамқорлық, мейірім мен жанашырлық сияқты құндылықтар мен адамгершілік қағидаларды бекітуге қызмет етеді.

Еліміздің дамуының жаңа кезеңінде түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің бір-біріне деген құрметі одан сайын маңызды бола түсуде. Бейбітшілікті, келісімді және ұлттық бірлікті сақтау - #ЖаңаҚазақстан күн тәртібін тиімді жүзеге асырудың кепілі. Барлық православиелерге зор денсаулық, амандық және барлық игі істе жаңа табыстар тілеймін! – деп құттықтады Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы