Мәулен Әшімбаев өз таңдауын жасады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев №111 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.

№111 сайлау учаскесі еліміздің бас қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан.

Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.

Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны 2 744.

Бұған дейін дәл осы сайлау учаскесінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс берді. Сондай-ақ Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та өз таңдауын жасап үлгерді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы