Мәулен ӘШІМБАЕВ: Оқиғаның себептері анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» цехында болған төтенше жағдайға байланысты фейсбук әлеуметтік желісінде өз ойын білдірді.
Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» цехында болған төтенше жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Зардап шегіп, ауруханаға түскен азаматтың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Алдағы уақытта оқиғаның себептерін анықтау жұмысы ашық әрі әділ жүргізіледі деп сенеміз, деді Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы