Мәулен Әшімбаев Митрополит Александрмен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Палата Спикері Қазақстанның рухани өмірінде дәстүрлі православиелік христиандық елеулі рөл атқаратынын атап өтті. Еліміздегі православтар қоғамдық өмірге белсенді араласып, халықтың бірлігін бекемдеуге және дінаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға өз үлестерін қосып келе жатқаны да сөз болды.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы биыл Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші Съезі өткізілгеніне 20 жыл толатынына назар аударды. Ол соған байланысты биыл 11 қазанда Астанада Съезд Хатшылығының мерейтойлық отырысын өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Аталған отырыста Съезді дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы қаралмақ. Құжатты әзірлеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынды, - деп жазды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кездесу барысында рухани дипломатияны одан әрі жандандыру және дін көшбасшыларының бүгінгі проблемалар мен сын-қатерлерді шешудегі рөлі де сұхбатқа арқау болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы