Мәулен Әшімбаев: Кадр мәселесі референдумнан кейін шешіледі
Спикер вице-президенттікке тағайындалу ықтималдылығы туралы сұраққа жауап берді.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның вице-президенті қызметіне тағайындалу ықтималдығы туралы журналистер қойған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұндай әңгімелер қоғамдағы талқылауды басқа арнаға бұрып жібереді деп ойлаймын. Бұл сөздердің ешқандай негізі жоқ. Референдумнан кейін, егер Қазақстан халқы Конституцияның жаңа жобасын қолдаса, кадрлық мәселелердің барлығы жаңа Конституцияға сәйкес шешіледі. Қазір де, жаңа Конституция қабылданғаннан кейін де Президенттің құзыретіне жататын бірқатар мәселелер бар. Лауазымды тұлғаларды тағайындау, кандидатураларды Құрылтайдың қарауына енгізу – осының бәрі Мемлекет басшысының құзырындағы мәселелер. Сондықтан мұндай сұрақтарды талқылап, жеке пікір білдіруді өзіме дұрыс емес, артық деп санаймын, - деп жауап берді Сенат спикері.
Мәулен Әшімбаев барлық ұйымдастырушылық және кадрлық шешімдер Конституция талаптарына қатаң сай қабылданатынын атап өтті. Оның айтуынша, егер Конституция жобасы референдумда қолдау тапса, Сенат 1 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатады. Сонымен қатар ол алдағы жұмыс форматына қарамастан, елге қызмет етуді жалғастыратынын айтты.
Мен қай салада болсам да, елімізге қызмет етуді жалғастыратыныма сенімдімін. Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға атсалысып, әділетті, демократиялық, әлеуметтік әрі инновациялық Қазақстанды бірге құруға үлес қоса беремін, – деді ол.
- 19 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:16
- Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды 12:52
- Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты 12:07
- Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды 11:49
- Қазақстандағы тасжолдардың бірінде аптап ыстықтан асфальт көтеріліп кетті 11:19
- Қазақстанның металлургия кәсіпорындары 19 трлн теңгенің өнімін өндірді 10:48
- Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады 10:16