Мәулен Әшімбаев, Ерлан Тұрғымбаев және Нұржұман Ықтымбаевқа «Барыс» ордені табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бірқатар тұлғаға ІІ және ІІІ дәрежелі Барыс орденін табыстады.
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев марапатталды. Қазақ киносының ардагері, белгілі актер Нұржұман Ықтымбаев, елге танымал хирург Серік Тоқпанов және танымал жазушы Валерий Михайлов та ІІ дәрежелі Барыс орденін иеленді.
Көрнекті қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ІІІ дәрежелі Барыс орденімен марапатталды.
Сондай-ақ ІІ дәрежелі «Барыс» ордені ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, ІІІ дәрежелі Барыс орденін алуға – «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайға берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
70-тен астам ІІМ қызметкері мерекелік төсбелгімен марапатталды
Өзгелердің жаңалығы