Мәулен Әшімбаев: Бұл – мейірімділік пен сұлулықтың мерекесі

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Халықаралық әйелдер күніне орай әлеуметтік желілердегі парақшасына құттықтау жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – мейірімділік пен жылулықтың және әдемілік пен сұлулықтың мерекесі. Дәл осы күні бәріміз аналарымыз бен аруларымызды құттықтап, ықылас-ілтипатымызды білдіруге асығамыз. Жалпы, біздің қоғамда әйелдің орны қашанда айрықша мәнге ие. Ұлттың дамуында маңызды рөл атқарып, тарихта аты қалған аналарымыз аз емес. Қазіргі таңда да қыз-келіншектер барлық салада белсенді еңбек етіп, егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді, - деді Сенат төрағасы.

Сондықтан бүгінгі көктем мерекесі отбасының ғана емес, Отанның ұйытқысы болып отырған асыл аналарымыз бен айналасына шуақ шашып жүрген аяулы аруларымызға деген ерекше құрметтің белгісі екені анық.

Жанға шаттық сыйлайтын мейраммен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, құт-береке және бақыт тілеймін! Әрдайым осылай көктемдей құлпырып жүре беріңіздер! Жүздеріңізден күлкі кетпесін, - делінген құттықтауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы