Мәулен Әшімбаев: Атаулы датаның мәні зор

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алғыс айту күніне орай әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қоғамда өзара ілтипат пен ықыласты арттыратын айрықша мереке. Осы күні құрмет, ізет, сыйластық сияқты ұлтты ұйыстыра түсетін құндылықтар насихатталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолында бірлік пен ынтымақ маңызды рөл атқаратынын әрдайым айтып келеді. Алғыс айту күні дәл осы бағытқа серпін беріп, ауызбіршілікті нығайта түсетіні анық. Сондықтан еліміз үшін бұл атаулы датаның мәні зор. Баршаңызға алғыс айта отырып, зор денсаулық, мол игілік, шаттық және қуаныш тілеймін! Алғыс айтар сәттеріміз көп болсын, - деп жазды Сенат төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы