М.Әуезов театрында жаңа қойылымдар 2 жылға тоқтайды - директор

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 99-шы маусымының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Өнер ордасының ғимараты толығымен қайта өңдеуден өтетіндіктен, театр репертуарындағы 70-тен астам спектакль сахналанбақ. Сондай-ақ театр алыс-жақын шетелдерге, еліміздің әр облыстары мен аудандарына гастрольдік сапарға шықпақ.

 Жаңа спектакльдерді қою, премьера өткізу осы екі жылда тоқтайды. Себебі біздің цехтарымыз жоқ. Декорация, киім тігу үшін. Бұның барлығы өзіміздің ғимаратымызда қалды. Алдағы уақытта репертуарымыздағы 70-тен астам спектакльді көрерменге көрсету негізгі міндетіміз болады. Әлі де жас режиссер, мамандарды шақырту тірі ағза ретінде жүре береді. Болашақта жасайтын ең маңызда шаруа, театрдың 100 жылдық торқалы тойы болмақ. Соған дайындық жүргіземіз. Ол уақытқа дейін ғимаратымыз толық жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі деген сенімдеміз, - деді Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.

Маусымашар қойылым ретінде Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» спектаклі сахналанды.

Театрды ұлы адамдар бастаған. Сол ұлыларымыздың ізімен, солардың салған жолымен біздің театр айнымай жүріп келе жатыр. Осы дәстүрді жастарымыз жалғастырып кетсе, сол – біздің бақытымыз. Әкем театрдың 99 емес, 199, мың жылдығы да өтсін деп тілеймін, - деді Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы