Материалдарды су тазалау саласына қолданып келеміз – Сейітхан Азатұлы

Қауымдастырылған профессор, PhD, Сәтбаев университеті инженерлік бейінді зертханасының жетекшісі Сейітхан Азатұлы Мемлекет басшысының жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жолдауды тыңдап, жүзеге асыруды ғалымдар әдетке айналдырды. Себебі жылдағыдай Мемелекет басшысы ғылым, білім саласына көп көңіл бөлді. Менің ойымша, қазіргі таңда еліміздегі ғылым саласы қарқынды дамып келеді, бөлінетін қаржы да көбейді. Сонымен қатар 500 ғылыми жоба бар. Шетелге мамандарды жіберіп, белгілі университеттерде тағылымдамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ “Болашақ” бағдарламасы бар, жас ғалымдарға арналған бағдарлама бар. Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру арқылы осы ғылымның Қазақстандағы өндіріс саласына араласып, өзінің нәтижесін беруіне жағдай жасалды. Ғалымдардың жетістіктерін жан-жақты насихаттау, сонымен қатар, ЖОО-да ғылымды дамыту бойынша үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Қазіргі таңда Сәтпаев университеті осы техникалық ғылым саласында үлкен қазақстандық хабқа айналып, өндіріс орындарымен, басқа университеттермен немесе шетелдік үлкен орталықтармен белсенді жұмыс жасап, Қазақстанның ғылымын дамыту үшін жұмыстар атқарып жатыр, - деді Сәтбаев университеті инженерлік бейінді зертханасының жетекшісі Сейітхан Азатұлы.

Профессор шетелдік ғалымдардың көзқарасы бойынша, Қазақстанда ғылымға жастар көптеп келіп жатқанын атап өтті.

Қазіргі таңда материалтану, нанотехнология саласында жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, алынған материалдарды су тазарту саласына белсенді қолданып келе жатырмыз. Яғни қазақстандық әрбір ғалымның жасаған ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізуге мемлекет тарапынан көмектер бар деп айтуға болады. Өйткені Мемлекет басшысы ұлттық компанияларға тапсырма берген болатын. Яғни 1% табысын ғылымға арнау, сол бойынша қазіргі таңда компаниялар бірлесіп жұмыс атқарып келе жатыр. Еліміздегі барлық ғылымдарды жинап, өндірістегі барлық мәселерерді ашық талқылаудан өткізіп жатыр. Сондықтан да қазіргі таңда мемлекет тарапынан да, өндіріс тарапынан да үлкен қызығушылықтар, сонымен бірге үлкен қолдаулар бар деп толық сеніммен айтуға болады. Мен өзім шетелдерде көп боламын. Байқағаным, қазақстандық ғалымдар шетелдерде таныла бастаған. Біздің ЖОО-дағы зертханамызда шетелдік ғалымдармен жұмыс істеп, тәжірибе алмасамыз. Олардың көзқарасы бойынша, ғылымға жастар көптеп келіп жатыр. Жастардың үлкен жұмыс атқаратыны қызықтырады. Өздері де Еуропа елдерінде зертаханаларда жұмыс істейтін жастардың жоқ екенін айтқан еді. Ал бізде зертханаларды дамыту бойынша инфрастурукталық кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ғылымға жастардың келуі, олардың санының артуы, талантты жастардың көбеюі бізді қуантады,  - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы