Матчтар көрерменсіз өтеді – Тоғжанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Барыс" плей-офф кезеңіндегі ойындарын көрерменсіз өткізеді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі спорт матчтарының өтпейтінін хабарлады.
Ойындар тоқтатылмайды. Бұл халықаралық тәжірибе. Еуропа елдерінде ірі командалар ойнамайды, жанкүйерлер жоқ. Біз де осындай шара қабылданды, - деді Ералы Тоғжанов "Барыс" хоккей клубының Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі матчтар өте деген сұраққа жауап беріп.
Осы ретте наурыз айында қандай спорттық іс-шаралар жоспарланғанын айтып өтсек.
Елорданың "Барыс" хоккей клубы “Гагарин кубогы”үшін ширек финалда Ресейдің "Сибирь" командасымен кездеседі. Алғашқы екі ойын 17 және 19 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
14-15 наурыз күндері футболдан Қазақстан премьер-лигасының 2-тур ойындары бар.
Ал ұлттық 27 наурызда Литвамен, 30 наурызда Алматының Орталық стадионында Армения құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Осы екі матчта да Билек шәкірттеріне стадионнан ешкім қолдау көрсетпейді.
Кәсіпқой бокстан 28 наурызға жоспарланған Nauryz Fight Night кеште Жанқош Тұраровтың титулдық жекпе-жегі, Тұрсынбай Құлахметтың дебюті бос залда өтетін болады.