Мәслихаттарға халық қатысатын бюджеттің қаражатын бөлу қызметі бекітіледі - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекеттік басшысының министрлік өткен жылы Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңның және оған ілеспе заңның жобаларын әзірлеуді бастады.Заң жобаларында жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін ажырату жөніндегі нормалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік құқықтарын кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін оңайлату көзделеді, - деді Қуантыров. 

Министр атағандай, Жолдауға сәйкес «Халық қатысатын бюджеттің» функционалын кеңейту арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыруды енгізу мәселесі де енгізіледі.

Бұл ретте мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мақсатында оларға халық қатысатын бюджеттің қаражатын бөлу жөніндегі функциялар бекітілетін болады.Шын мәнінде оны ауылдық округтер арасында нақты жобаларға бөлетін «қор» деуге болады. Бұл жобаларды жергілікті қоғамдастықтың ұсыныстары бойынша ауыл әкімдері қалыптастырады, - деді министр. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы