Мәслихат жиыны облыс активіне ұласты

Ұлытау облысы, BAQ.KZ тілшісі.Мәслихат жиыны облыс активіне ұласты.  Жиналғандарға Ұлытау облысының судай жаңа әкімі таныстырылды.

Таныстыру дегеніміз артық болар. Бұдан бұрын Ұлытау-Жезқазған аймағында қызмет істеген Берік Әбдіғалиұлын білмейтін жан кемде-кем болар. Өз кезегінде ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу жаңа облыста шешімін күткен шаруа шаш етектен екенін алға тартып, жұртшылықты жаңа әкіммен қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды. 

Облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін тілге тиек етіп, сенім үдесінен шығуға тырысатынын жеткізді. Соңында елге, жерге адал қызмет етуге ант берді. Одан кейін жиналғандар жаңа әкімді жаңа қызметімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін ақтарды.

 Сөз алғандардың барлығы дерлік бірліктің берекеге бастайтынын айтып, ортақ мүддеге жұмылуға шақырды. Өз кезегінде сөз алғандардың бірі Қазақстанның Құрметті журналисі Батырбек Мырзабеков облысты дамытуға мейлінше үлес қосатынын, біздің өңірдің әлеуетінің зор екенін атап өтті.

Меруерт Наурызбаева

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы