Мәслихат хатшысы: Жүгі ауыр электоралдық кезең жақындап келеді
Бұл туралы ШҚО мәслихатының хатшысы Денис Рыпаков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, жүгі ауыр электоралдық кезең жақындап келеді.
Бүгінгі кандидатураны талқылаудың өзі артық деп айтар едім. Өйткені біздің көшбасшымыз өте күшті әрі дана. Бір ауыздан қабылданған пікір алдын ала ойластырылмаған. Шын мәнінде Мемлекет басшысына құрметіміз зор. Оған арқа сүйей аламыз. Қазіргі уақыттағы ахуал да оңай емес екені белгілі. Саяси жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар. Бірақ біздің бейбіт шаңырағымыз бен бірлігіміз бар. Ұстанып отырған саясатымыз өз жемісін беруде. Біз оны қолдап, Президентіміздің тапсырмасын орындауымыз қажет, - деп атап өтті облыстық мәслихат хатшысы елордада өтіп жатқан «Қазақстан мәслихаттары депутаттары» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің кезектен тыс конференциясынан соң берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол электоралдық кезеңнің ойдағыдай өтетініне сенім білдірді.
Сайлау – оңай кезең емес, бізді алда жүгі ауыр электоралдық кезең күтіп тұр. Барлығы ойдағыдай өтеді деп сенеміз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарыны, потенциалы ел азаматтарына үлкен сенім ұялатады. Сол үшін де бүгін осы кандидатураны ұсынып отырмыз, - деді Денис Рыпаков.
Еске сала кетейік, бұған дейін мәслихаттар депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынғаны туралы жазған болатынбыз.