Мәслихат депутаттары құрылыс жүріп жатқан өрт сөндіру бөлімдерін аралады
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов және депутаттар тобы Үркер және Көктал шағын аудандарында құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру бөлімшелеріне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті атқару органдарының қолдауымен салынып жатқан өрт сөндіру бөлімдерінің құрылыстары 2021 жылы басталған.
Үркер шағын ауданында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру депосы 2 шығуға арналған. Көктал шағын ауданына қызмет ететін өрт сөндіру депосы 4 шығуға арналған және жанында пәтер үлгісінде қызметкерлерге арналған қызметтік жатақхана салынуда. Құрылыстардың аяқталуы 2023жылдың IV тоқсанына жоспарланған, - деп жазды Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Депутаттардың осы өрт сөндіру деполарына келуінің басты мақсаты құрылыс барысымен танысып, проблемалық мәселерін талқылау болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы