Мәскеудегі теракт: құрбандар саны 139 адамға жетті

РФ тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин "Крокус Сити Холлда" болған теракт құрбандарының саны 139 адамға жеткенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Александр Бастрыкин РФ президенті Владимир Путинге "Крокустағы" бүкіл өртке қарсы жүйелердің құрамы тексеріліп, сараптама тағайындалғанын баяндады.

Қаза тапқандардың ішінде 40 адам оқ жарақатынан, 45 адам өрттен көз жұмған. Барлығы 139 адам қаза тапты, - деді ол.

Бұған дейін Мәскеудің Басман соты "Крокус сити холлдағы" теракт бойынша іске қатысы бар деген күдікпен тағы екі адамды ұстағаны туралы жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік, 22 наурызда камуфляж киген адамдар "Крокус Сити Холл" концерт залына баса-көктеп кіріп, оқ жаудыра бастаған. Қайғылы жағдай "Пикник" рок-тобының концерті басталардан бірнеше минут бұрын болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шұғыл кеңес өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: РФ ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы