Мәскеудегі теракт: Құрбандар саны 133-ке жетті
Ресей Федерациясының тергеу комитеті "Крокус Сити Холлда" қаза тапқандар саны 133 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үйінділерді ашу кезінде "Крокус Сити Холл" концерт залындағы теракт салдарынан қаза тапқандар саны 133 адамға жетті. Іздеу жұмыстары жалғасады, - делінген тергеу комитетінің хабарламасында.
Бұған дейін лаңкестік әрекет құрбандарының саны 115 адамға жеткені айтылған болатын.
22 наурызда камуфляж киген адамдар "Крокус Сити Холл" концерт залына баса-көктеп кіріп, оқ жаудыра бастаған. Оқиға "Пикник" рок-тобының концерті басталардан бірнеше минут бұрын болған.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шұғыл кеңес өткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
eGov порталы уақытша жұмыс істемейді
Өзгелердің жаңалығы