Мәскеудегі теракт: құрбан болғандар саны 115 адамға жетті

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, "Крокус Сити Холлда" болған терактіде қаза тапқандар саны қазір 115 адамды құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іздеу жұмыстары жалғасуда. Марқұмдардың мәйіттерін төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазалау кезінде тапты, деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін лаңкестік әрекеттен 93 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Одан кейін Тергеу комитеті қаза болғандар санының артатынын ескертті.

22 наурызда кем дегенде үш камуфляж киген адамдар Крокус Сити Холл ғимаратының бірінші қабатына басып кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шұғыл кеңес өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы