Мәскеудегі «Рамазан шатыры» фестивалінде Қазақстан күні өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде дәстүрлі «Рамазан шатыры» мәдени-қайырымдылық фестивалі өтіп жатыр. Қасиетті айдың әр кешінде мұсылмандарға арналған ауызашар беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ауызашарда мерекелік бағдарлама да қарастырылған. Мереке қонақтары – түрлі конфессиялардың адамдары. Шатыр дәстүр бойынша Поклонная тауындағы Мемориалды арманға орнатылды. Әр кеш белгілі бір елге арналады.
Фестивальдің биылғы ұраны – «Мәдениеттің алуан түрлілігі. Бірлікке апаратын жол». 10-нан астам мемлекет өз бағдарламаларын ұсынады. Рамазан шатырындағы Қазақстан кеші үш жүзден астам адамды жинады. Ауызашарға келгендерді қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныстырды.
Бұл жердегі Рамазанның ерекшелігі – әр күнінің өз атмосферасы болуында. Ұлттық, мәдени атмосфера. Мысалы, бүгін Қазақстан күні. Ал Қазақстан – ірі, прогрессивті, белсенді елдердің бірі. Шатырдағы бағдарлама күндерінің бірі жыл сайын Қазақстанға тиесілі. Мұнда әртүрлі адамдар келеді. Әдетте әртүрлі бағдарламаларға әртүрлі адамдар жиналып жатады. Бірақ олар қандай да бір діни хабарды ғана емес, жалпы мәдени, эмоционалды әсер алады, – дейді Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шамиль Аляутдинов.