Мәскеуде мерт болған Томирис Байсафаның анасы қызына арнау жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқып жүргенде, төртінші қабаттан құлап, қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Instagram-дағы парақшасында қызына жүректебірентер арнау жазды. Осы жылы Томиристің жылдығы қасиетті Рамазан айының есігін ашқан күнге тұспа-тұс келді, деп жазды Ахметова Instagram-дағы парақшасында.

«Міне осымен бір жыл да өтті. Томпиде бәрі Жаратушымен байланысты. Былтыр оның 40 күндігі Айттың бірінші күнімен тұспа-тұс келген еді. Биыл жылдығында қасиетті Рамазан айы мен оразаның есігін ашқалы тұр.

Періштем менің! Өмірім менің! Менің ауам! Менің өмірімде болғаның үшін саған рақмет! Мені таңдағаның үшін рақмет! Сен кез келген ананың мақтанышысың! Мен үшін ұшып келгеніңе және 21 жыл бойы сенімен бірге болуыма рұқсат еткеніңе рақмет! Сенің әрбір сөзің, әлемдегі ең әдемі күлкің, иісің, шашың, дауысың, алғашқы қадамдарың және басқалары да есімде. Бәрі-бәрі есімде. Сені өте қатты сағындым.

Ол жақта тыныш ұша бер. Мен әрдайым сенің командаңмын. Ал команда ешқашан сатқындыққа жол бермейді. Мен әрдайым сенімен біргемін. Мен әрдайым күтемін. Сен жол таба алатыныңды білемін», - деп жазды Жанна Ахметова өз парақшасында.

Баласын сағынған ананың жоқтауын оқыған желідегі оқырмандар, көзіне жас алып, қайғырып отырған анаға жұбату айтты.

Айта кетейік, 2018 жылдың 13 сәуірі күні Томирис Байсафа Мәскеуде оқып жүрген университетінің терезесінен құлап, мамырдың үші күні таңғы сағат 4:00-де ауруханада жан тапсырған болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы