Мәскеуде QR-код жүйесінің күші жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу қаласында кафе мен ресторанға кіру үшін қолданылған QR-кодтардың күші жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Екпе салдырғанын растайтын жүйе үш апта ғана істеді. Бүгіннен бастап фуд-корттар, кафе мен мейрамханалар түнгі мезгілде де ашық болады. Балалардың ойын алаңдары, түнгі клубтар мен барлар да жұмысын жандандырады. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қаладағы компаниялар қызметкерлерінің 60%-іне екпе салдырған, сондықтан QR-код жүйесі алынып тасталды. Соңғы айда Мәскеуде екі миллионнан астам адам екпе алған. Дегенмен қала әкімшілігі эпидахуал әлі де күрделі екенін айтады.
QR-кодтарды енгізудің тіпті қажеті жоқ еді. Өйткені тиімсіз екені бірден-ақ белгілі болған. Сондықтан 3-4 апта өтпей-ақ күшін жойды, - дейді қала әкімшілігі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы