Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің ІІМ басшылары кездесті

Мәскеу қаласында өткен отырысқа еліміздің Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесуге ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының өкілдері де қатысты.

Ведомстволар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарының киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы мәселені қарады.

Бұдан басқа, министрлер бірлескен шешімге қол қойды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған іс-шаралар белгіленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы