Мәскеуде Қазақстан мен Ресей көлік ведомствосы басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей көлік ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Роман Старовойттың екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында көлік ведомстволарының басшылары осы кезге дейін қол жеткізілген уағдаластықтар аясында көлік саласындағы өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті.
Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында екіжақты құжаттарға қол қою, халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту, ұшу географиясын кеңейту, жаңа көлік дәліздерін құруды зерттеу және т. б. мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ 110 млн тоннаны құраған елдер арасындағы теміржол және автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау көлемінің тұрақты деңгейі туралы сөз қозғалды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ықпал етеді.