Мәскеуде метродағы эскалаторда төрт жасар баланың аяғы қысылып қалды
Мәскеуде метродағы эскалаторда төрт жасар қыздың аяғы сынып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Telegram 112 арнасының хабарлауынша, Мәскеу метросында эскалатор төрт жасар қыздың аяғын жұтып кеткен.
Оқиға Таганская станциясында болған. Алдымен баланың аяғы эскалаторға кептеліп қалған, кейін оны механизмге тартып алған. Метро қызметкерлері қозғалатын баспалдақты тоқтатып, оқиға орнына жеткен құтқарушылар қыздың аяғын алып тастады.
Ата-анасының абайсыздығы және метрополитенде жүру ережесін бұзу салдарынан төрт жасар қыздың аяғы баспалдақ пен эскалатордың балюстрадының арасында тұрып қалды, – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, аяғы сынған бала ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы