21 Маусым 2024 2024, 08:25 Фото: скрин

Мәскеуде дауылдан 2 адам опат болды

Тағы 18 адам ауруханаға түскен. Үшеуінің жағдайы ауыр. Синоптиктер желдің күші 10 балға жеткенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тағы 18 адам ауруханаға түскен. Үшеуінің жағдайы ауыр. Синоптиктер желдің күші 10 балға жеткенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл – жоғары деңгей. Сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүйткіген жел үйлердің шатырын ұшырған. 700-дей ағашты жұлып әкеткен. 300-дей көлік бүлінді. Қалада саябақтар мен мейрамханалардың жазғы алаңдары жабылды.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, әзірге ұшақтар ұшып жатыр. Бірақ кейбір рейстер бағытын өзгерткен.