16 Қараша 2023 2023, 00:20 Фото: baq.kz

Мәскеуде Б. Момышұлына арналған бокс турнирі өтті

Мәскеуде бокстан Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәскеуде бокстан Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Игі шараға Ресейде тұратын қазақ қандастарымыз мұрындық болды. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған жарыс енді дәстүрлі іс-шараға айналады деп үміттенеді.

Сайыста Қазақстан, Ресей, Беларусь және Әзірбайжаннан келген жүзден астам боксшы бақ сынасты. Бұған қоса, Астана, Алматы және Атырау қалаларынан 24 боксшы барған. Турнирде атыраулық Амантай Мирас «Үздік боксшы» атанды.