"Ұлы даланың жеті қыры" Мәскеуде талқыланды


Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласының, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласының, сонымен қатар оларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын саралап, жан-жақты талқыға салды.

Шара қатысушыларының пайымынша, "қазақ жолы" деген түсінік Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры", "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақалаларына негіз болып отыр.

Пікірталас барынша қызу өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы да мақалалардағы негізгі басымдықтарға қатысты пікірлерін білдіріп, оны жүзеге асыруға қатысты ойларымен бөлісті.

РФ Үкіметіндегі Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының докторанты, заң ғылымдарының кандидаты Қазбек Дәуітәлиевтің атап өтуінше, Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры", "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақалаларында қазақ халқының әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын айындайтын ең өзекті мәселелер көтерілген.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 21 қарашысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланды.

"Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ, қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек", – деп атап өткен еді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы