1 Тамыз 2026, 23:37 Фото: instagram.com/balzirossi

Мәскеу орталығындағы мейрамханада жойқын жарылыс: үш адам қаза тапты

Оқиғадан кейін Мәскеу қаласының Көлік департаменті жоспарланған Түнгі велофестивальдің «күтпеген жағдайларға байланысты» кейінге шегерілгенін хабарлады.

Мәскеу қаласының орталығындағы Balzi Rossi италиялық мейрамханасында жарылыс болып, салдарынан үш адам қаза тауып, 15 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға жергілікті уақытпен 20:10 шамасында Кудрин алаңындағы, «Баррикадная» метро станциясының маңында орналасқан мейрамхананың жазғы алаңы жанында болған.

Мәскеу қалалық ІІМ басқармасының хабарлауынша, жарылыстан кейін оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен өрт сөндіру қызметінің техникалары жұмылдырылды.

Алдын ала болжамға сәйкес, жарылысқа мейрамхана асханасындағы газ жабдығы себеп болуы мүмкін. Алайда бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Оқиғадан кейін Мәскеу қаласының Көлік департаменті жоспарланған Түнгі велофестивальдің «күтпеген жағдайларға байланысты» кейінге шегерілгенін хабарлады.

Жарияланған сәтте Ресей Ішкі істер министрлігі, Тергеу комитеті және Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.