Мәскеу көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бекетай көшесінен Г.Потанин көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойында жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана әкімдігінің ресми сайты осыған байланысты 10-11 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетіндігін жазды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы