Мәскеу көшелерінің біріне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында жуырда Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері табысты өткені айтылды.
Бұған дейін мәдениет күндері аясында еліміздің өнер қайраткерлері Якутия мен Қазанға барып қайтты.
Биыл мамыр айында Астанада "Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы аллеясы", ал кеше Мәскеуде "Қазақстан-Ресей достығы сквері"ашылды. Мәскеу көшелерінің біріне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. Мәскеуде Қазақ ақпараттық-мәдени орталығын ашу жоспарланып отыр, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Өзгелердің жаңалығы