Маска тақпаған Чили Президентіне айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чили Президенті Себастьян Пинераға қоғамдық орында маска тақпағаны үшін 2,5 миллион песо (шамамен 3,5 мың доллар) айыппұл салынды.

Бұл туралы Вальпараисо аймағының Денсаулық сақтау министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысының өзі заң бұзушылық туралы мәлімдеген.

Бұған дейін елдегі резонанс желіде Чили Президенті жағажайда бейтаныс қыздың жанында бетпердесіз селфи жасайтын кадрдың пайда болуынан туындаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы