Маска шешуге қашан рұқсат беріледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қандай жағдайда маска тақпауға рұқсат берілетінін айтты.
Ұжымдық иммунитет қалыптаспай, халықтың 60 пайызы вакцина салдырмай, маска шешуге болмайды, - деп жауап берді ол.
Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцина басталған болатын. 10 ақпандағы жағдай бойынша, 13 301 медицина қызметкері вакцина салдырған.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинацияны бірінші болып инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері алатынын, одан кейін қатарға педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы