Мәсімовтің экс-күйеубаласы не үшін іздеуде жүргені белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы.

Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».

Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электрондық поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz).

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Еске салсақ, Кәрім Мәсімовтің күйеубаласына іздеу жарияланған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы