Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу соты Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін, ал екінші бұрынғы орынбасары Марат Осиповтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартты.
6 қаңтарда ҰҚК сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Алдында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жеткізген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұландықтар мемлекеттік наградамен марапатталды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы