Мәсімов пен Бектанов ісі сотқа жіберілді – Бас прокуратура
Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке пен өзге де басшыларына қатысты іс сотқа жіберілді. Оларға билікті басып алуға тырысу, мемлекетке опасыздық жасау айыбы тағылған. Билікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов ісі де сотта жатыр, - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев.
Сонымен қатар Тәшімбаев Қаңтар оқиғасына қатысқан 1 500 адам рақымшылыққа ілігетінін айтты.
Қаңтар оқиғасы – еліміз үшін үлкен қасірет. Ол күндері мемлекет тұтастығы, Тәуелсіздігі мен қаупсіздігі қатер алдында тұрды. Президент дер уақытта шешімдер қабылдап, елімізді сақтап қалды. Мемлекет басшысы тапсырмасымен бұл оқиғаның себептері мен салдары қаралып жатыр, - деді ол Бас прокуратураның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.