Еліміздің күш құрылымдары отандық өндірістің құралдарымен жабдықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 14 мамырында Орал қаласында «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясына қарасты "Зенит" зауытында жасалған қалқымалы айлақты суға түсіру рәсімі болып өтті.

Бұл кемелердің маневрлік орналасу пункті (қалқымалы айлақ) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жағалау күзеті үшін әзірленді.

Бүгінгі оқиға - күш құрылымдарын отандық өндірістің заманауи құралдарымен жабдықтау мақсатына жетудегі кезекті қадам. Біздің кәсіпорынның кемелері мен катерлері Шекара қызметінде де, еліміз Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінде де өз тиімділігін көрсетті, - деп атап өтті "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ришат Асансейітов.

Маневрлік орналасу пункті жалпы алғанда су ығыстырғыштығы 800 тоннаға дейін кемелер мен катерлердің аялдап тұрақтауына, оларға тиісті қызмет көрсетуге және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Қалқымалы айлақ келесі міндеттерді орындайды:

- су ығыстырғыштығы 300 тоннаға дейін екі кеменің бір мезгілде және су ығыстырғыштығы 70 тоннаға дейін екі катердің бір мезгілде аялдап тұруын қамтамсыз ету;

- қалқымалы айлақта тұрған кемелерді электр энергиясымен автономды жабдықтау және оларға жағалау көздерінен электр қуатын беру.

Кемелерге қызмет көрсетуші мамандар үшін қалқымалы айлақта санитарлық нормаларға сәйкес арнайы жағдай жасалған.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы, "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ басқарушы директоры, запастағы контр-адмирал Ратмир Комратов қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы