Машина жасау саласында өсу қарқыны байқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 13,9 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс көлемі 13,9 пайызға өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 45,1 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 3,4 пайызға, өзге көлік құралдарын жасау 113,8 пайызға, электр жабдықтарды жасау 0,2 пайызға артты. Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 23,2 пайызға ұлғайды, - деді ол. 
Министрдің дерегінше, жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 7,3 пайызға өскен. 
Көлік саласында нақты көлем индексі биылғы 2020 жылдың қантар-шілде айларында 84,4 пайызды құрады. Контейнерлердің транзиттік тасымалдарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37 пайызға артты және 483,1 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 7,5 пайызға төмендеді және 2,1 млрд тоннаны құрады, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы