Машина жасау саласында өндіріс көлемі 36 пайызға артты - Смайылов

Бұл жайында Қазақстан машина жасаушыларының 11-ші форумында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің локомотиві болып табылатын отандық машина жасау саласының дамуы үкіметтің ұдайы назарында.

Өткен жылы машина жасау саласында өндіріс көлемі 9,4 пайызға артса, осы жылдың 4 айында 36 пайызға өсіп отыр. Сонымен қатар жыл сайын машина жасау өнімдеріне еліміздегі ішкі сұранысы 23 млрд долларға жетті. Бүгінгі таңда оның тек 3,1 млрд доллары отандық өндіріспен қамтылып отыр, – деді Смайылов.

Ол импортты алмастыру есебінен машина өндірісін әрі қарай дамытуға күш салуымыз керек екенін атап өтті.

Біздің алдымызда қолжетімді қаржы құралдарын ұсыну, жаңа технологияларды енгізу және экспортты дамыту арқылы машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр. Ол үшін мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара үйлесімді жұмысы қажет, – деді Үкімет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев машина жасаушыларға үндеу жасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы