Мәселені шештік. Әліппе мектеп бағдарламасына ресми түрде енді – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Мектептің бағдарламасына көптен айтылып жүрген мәселе – өзіміздің әліппе мен ана тілі пәндерін қайта қайтару. Бұл мәселені де шештік. Мектеп бағдарламасына ресми түрде енді. Мемлекеттік стандартқа енді. Бағдарлама жасалды. Ол биыл күзде бекітілді. Бағдарлама бойынша жаңа оқулықтар дайындалды. Жаңа оқулықтар бойынша пилоттық режимде 100-ден астам мектепте оқыту басталды. Жоба біткеннен соң келесі жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектебінде бүлдіршіндеріміз әліппемен және ана тілімен білім алатын болады. Сондықтан бұл жұмысты да орындадық деп айта аламыз, - деді Аймағамбетов.


Сонымен қатар, министр ОКҚ-де оқулық сапасы бойынша да көп мәселе болғаны туралы айтты.

Оқулықтың сапасы бойынша жалпы тәртіпті өзгерттік. Сараптама жасауды, авторлардың оқулықты дайындауы бойынша мәселелерді қайта қарап шықтық. Баспалардың жауапкершілігін бекіттік, - деді Білім министрлігінің басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы