Елордада масаларды уламаған шенеуніктер жазалануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов масаларды улауды тапсырды.
"Тұрғындар тарапынан масаларды улауға қатысты көптеген шағымдар түсуде. Бұған қатысты аудан әкімдері мен тиісті басқармаға шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырдым. Тиісті шараны уақытында қолға алмағандарға тәртіптік шара қолданылады", - деп жазды Алтай Көлгінов Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде масаларға өз шағымдарын көптеп жазған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің бірнеше облысында 41 градусқа дейін күн ысиды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы