Мас жүргізуші қағып кеткен баланың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер бүгін таңертең мас жүргізуші қағып кеткен баланың жағдайы туралы айтты.

14 жастағы баланы таңғы сағат 7:20-да шұғыл түрде №2 Балалар ауруханасына травматологиялық пунктіне алып келген. 

Бала өте ауыр халде жеткізілді. Шұғыл түрде реанимация бөліміне жатқызылды. Баланы барлық маман қарап шықты, консилиум өткізілді, барлық ем-шаралары жасалып жатыр. Балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деді Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Дәрігерлердің мәліметінше, баланың жағдайы тұрақты, ауыр. 

Естеріңізге сала кетейік, мас күйінде таксиді айдап кеткен елордалық екі адамды қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы