Мас күйінде көлік жүргізген: Екібастұзда шенеунік жұмыстан шығарылады
Екібастұз қаласының мемлекеттік қызметшісі Айдын Қояғанов 2025 жылдың желтоқсанында мас күйінде көлік басқарған. Полиция оны өз үйінің ауласында тоқтатып, орташа дәрежеде мас болғанын анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында Айдын Қояғанов жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап, жауапкершілікті толық түсінетінін айтты. Ол сол күні баласының ауырып қалғанын, дәрі-дәрмек алу үшін көлікке отырғанын алға тартты.
Балама дәрі қажет болды. Такси шақыра алмадым, сондықтан өзім баруға шешім қабылдадым. Іс-шарадан шыққан едім. Аулада полиция қызметкерлері тоқтатты. Мен отбасындағы жалғыз асыраушымын, – деді ол.
Кеңес мүшелері бұл жағдайдың қоғамда резонанс тудырғанын атап өтіп, көпшілік дауыспен оны қызметінен босатуды ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы