Адам қағып өлтірген Ефремов «Ника» премиясына ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей кинематографиялық өнер академиясы «Ника» премиясының номинанттарын жария етті. Оның ішінде Михаил Ефремов те бар.

ФедералПресс хабарлауынша, актер «Француз» фильмінде екінші пландағы ең үздік рөлі үшін марапатқа ие болуы мүмкін.

Екінші пландағы ең үздік ойыншы наградасына ерлер арасында Александр Балуев (Француз), Михаил Ефремов (Француз) және Евгений Цыганов (Одесса) ұсынылған, – делінген хабарламада.

«Ника» премиясын салтанатты түрде табыстау 25 сәуірде Вегас-Сити-холл концерттік залында өтуі тиіс. Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты іс-шара болмаған еді. Сол себепті биыл екі жылдың, яғни 2019 және 2020 жыл лауреаттарын жариялайды.

Еске салсақ, Михаил Ефремов қазір жазасын өтеп жатыр. Сот оны өліммен аяқталған жол апатына кінәлі деп таныды. Былтыр маусым айының басында актер мас күйінде көлік тізігіндеп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен болатын. Салдарынан фургонмен соқтығысып, 57 жастағы Сергей Захаров қайтыс болған еді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы