Бүгiн 2026, 18:06
Фото: Қызылорда облысының Полиция департаменті
Мас күйде жүру мен тыныштық бұзу өршіген: Қызылордада 358 құқық бұзушылық тіркелді
Қызылордада полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп ауқымды рейдтер жүргізуде.
Қызылордада полиция, БАҚ өкілдері және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, "Заң және тәртіп" қағидасы аясында ауқымды жедел-профилактикалық рейдтер жүргізді. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Рейд нәтижесінде 358 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
• қоғамдық орынға мас күйде келудің 64 дерегі,
• тыныштықты бұзудың 44 дерегі,
• ортақ орындарды ластаудың 5 дерегі тіркелді.
Сонымен қатар, 42 жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүргені белгілі болды. Полиция мұндай жағдайлар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа жол ашатынын атап өтті.
Ойын-сауық орындарында темекі өнімдерін, оның ішінде кальян тұтынудың 6 дерегі анықталып, жолы кесілді.
Бұдан бөлек, 3 сәуір күні облыс орталығында есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату дерегі әшкереленіп, қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов мұндай рейдтер құқықтық мәдениетті арттырып, өңірде заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталғанын айтты.