Мас күйінде көлік жүргізген петропавлдық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласында жолда апаттық жағдай жасағаны және көлікті масаң күйде басқарғаны үшін 61 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері масаң күйде көлік басқарған 61 жастағы қала тұрғынын ұстады.Жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешкі рейд жүргізу кезінде Набережная көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Volkswagen Passat» автокөлігін байқайды. Оның жүргізушісі жолда апаттық жағдай жасау құқық бұзушылығына жол берген. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрғаны анықталды. Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді. Дәрігердің қорытындысы алкогольдік масаюды көрсетті. Жүргізуші өз кінәсін жоққа шығарған жоқ, ащы су ішуінің себебін түсіндірмеген, ол тек жақын жердегі гаражынан шыққанын айтқан. Нәтижесінде көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Баппен 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру көзделген. Процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа тапсырылды.
СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев Жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау және алдын алу тұрақты бақылауда деп атап өтті. Масаң күйдегі жүргізушілерді анықтау бір бөлек жұмыс. Тәжірибе көрсеткеніндей, ащы судың шағын ғана мөлшері жүргізушілерден бөлек, жолаушыларға, сондай-ақ барлық жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді. Жыл басынан СҚО жолдарында көлікті масаң күйде басқарғаны үшін 624 жүргізуші ұсталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус жұқтырған 13 105 адам ем қабылдауда
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы