Мас күйінде көлік жүргізген елордалық бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда мас күйінде көлік жүргізгені үшін алғашқы адамға қатаңдатылған жаза кесілді, деп хабарлайды 24.kz.

Мас күйінде көлік жүргізген елордалық бас бостандығынан айырылды. Ішімдік ішіп көлік тізгіндеген азамат осыдан бір ай бұрын ұсталған. 

Көлігін тоқтатқан полицейлерге қарсылық көрсетіп, қашпақ болған көрінеді. Мұнымен қоса бұған дейін де осылай мас күйде көлік жүргізіп, куәлігінен айырылған. Осындай құқықбұзушылықтарын ескере отырып, Есіл аудандық соты ол азаматты 1 жылға соттады. Сонымен қатар темір тұлпар тізгіндеу құқығынан өмір бойына айырды.

Естеріңізге салайық, жуырда Президенттің пәрменімен қолданыстағы заңға өзгерістер еніп, жаза күшейген. Бұл содан бері Нұр-Сұлтан қаласында тағайындалған алғашқы сот үкімі.

Бүгін Есіл аудандық соты мас күйде көлік тізгінін ұстаған жүргізушісі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл қала бойынша қатаңдатылған заң бойынша тағайындалған алғашқы үкім. Елорда тұрғыны бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соңғы рет 2017 жылы мас күйінде көлік басқарғаны үшін куәлігінен 6 жыл мерзімге айырылған. Бүгін соттың үкімімен елорда тұрғыны сотталып, көлік жүргізу құқығын өмір бойына айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп мәлімдеді қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.
Дегенмен, баспасөз хатшысының хабарлауынша, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы