Мас халде көлік басқарған шымкенттік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мас күйінде көлік жүргізген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
2021 жылдың 20 мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің инспекторы Ғ. Ділдабеков әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында күмән тудырған NEXIA автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көліктен түскен уақытта, оның мас хәлде екені анықталған.
Аталған жайт бойынша NEXIA автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген ақпаратта.
Шымкент қаласының полицейлері автокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікті мас халде жүргізудің соңы жазатайым оқиға мен адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы