Мас, есірткі пайдаланған. Тараз әкімдігіне шабуыл жасаған 11 қылмыскердің көзі жойылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
6 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігінің және Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына қарулы шабуыл жасалды.500 адамға жуық қарулы топппен аталған ғимараттарға оқ атылды, нәтижесінде полиция қызметкері қаза болды, - деді Елдос Қилымжанов.
Ол атағандай, осыған байланысты құқық қорғау органдары қарсы оқ атты, нәтижесінде 11 қылмыскердің көзі жойылды.
Медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша 9 шабуылдаушы мас күйінде және 2-уі есірткінің әсерінде болған. Террорлық шабуылдарға ұшыраған барлық қалада қайғылы оқиғалардың мән-жайлары қалпына келтірілуде. Сауда үйлердің, банктердің, мемлекеттік мекемелердің және басқа да объектілердің бейнекамераларының жазбаларына талдау жүргізілуде, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы